Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жедел медициналық жәрдем қызметі және барлық көпбейінді стационарлар, оның ішінде мамандандырылған стационарлар, балалар стационарлары, қаланың босандыру ұйымдары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлайды.

Зардап шеккендер жоқ, азаматтардан өтініштер түскен жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Алматының Төтенше жағдайлар департаменті қалада 23 қаңтарда түн ортасынан кейін болған жер сілкінісінің мән-жайын айтты.

ҚР ТЖМ "Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 сек жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде орналасқан Қазақстан мен Қырғызстан шекарасы.


Оқи отырыңыз: Алматылықтар жер сілкінісін сезінді