Бүгін Алматы қаласында бірнеше көше уақытша жабық болады, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті. 

"Абылай хан көшесінің бойы Мақатаев көшесінен бастап Бөгенбай батыр көшесіне дейін солтүстік және оңтүстік бағытта жабық болады. Сондай-ақ, Төле би даңғылының бойында Желтоқсан көшесінен бастап Назарбаев көшесіне дейін шығыс және батыс бағытта қозғалыс уақытша шектеледі. Азаматтардан шектеуге түсіністік танытып, тиімді жол бағытын алдын ала ойластыруды сұраймыз", – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, РОП операторы активтерінің мемлекет меншігіне берілгені туралы хабарлаған едік. Міндеттемелерді әкімшілендіру функцияларын мемлекеттік ұйым – "Жасыл даму" АҚ орындайтын болды.