Алматыда лай көшкінінен бүтін бір отбасы қаза тапты: төтенше жағдай болған жердің видеосы
Алматы қаласының Медеу ауданында лай көшкіні себебінен ерлі-зайыпты мен олардың егіз баласы көз жұмды.
Informburo.kz тілшілері төтенше жағдай болған жерге барып, құтқару операциясын видеоға түсірді.
Еске салсақ, 8 ақпанда Медеу ауданының "Тау Самалы" шағын ауданындағы Олимпийская көшесі бойында техногендік сипаттағы топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні болған. Әкімнің тапсырмасы бойынша болған оқиғаның себептерін тексеру және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды.
Қайтыс болғандар – ерлі-зайыпты мен олардың егіз баласы. Бірінші болып егіздің сыңарының денесі табылды. Кейін 4 бірдей адамның денесі табылғаны хабарланды.