Алматының транспорт холдингі 17 қаңтардан бастап Алматы қаласында қоғамдық көліктің жұмыс істеу уақыты бір сағатқа ұзарғанын хабарлады. 

Қоғамдық көлік 8:00-ден 21:00-ге дейін қатынайды. Еске салсақ, қалада төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты қалада қоғамдық көлік қатынасына шектеу қойылған болатын. 

Айта кетейік, бүгіннен бастап Алматыда метро қозғалысы қайта іске қосылды.


Оқи отырыңыз: