Алматы қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша, 14-15 қазанда сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Алматыда мегаполиске іргелес жатқан аудандардан 60 шаруа қожалығының қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеде 40-тан астам өнім: ет, сүт, жеміс, көкөніс, шұжық өнімдері, өсімдік және жануар майы және т.б. ұсынылады. Өнімнің жалпы көлемі – 180 тонна, оның ішінде ет – 30 тонна, жеміс – көкөніс – 120 тонна, сүт – 15 тонна, балық – 5 тонна, өзгелері – 10 тонна.

Өтетін орны: Шевченко көшесіндегі «Шоқан Уәлиханов» алаңында Қонаев көшесі мен Пушкин көшесі арасы.


Оқи отырыңыз: Астанада Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарының жәрмеңкесі өтеді. Қандай тауар сатып алуға болады.