Алматыда иллюстратор суретшілерге арналған байқау басталды. Жүлде қоры – 1 миллион теңге
Қатысушылар өтінімді 2021 жылдың 31 шілдесіне дейін жолдай алады.7 шілде күні Алматы қаласында "Тарихым – бүгінім, ертеңім!" атты байқау басталды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған шараны Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен BAURZHAN foundation ұйымдастырып отыр.
Жалпы жүлде қоры 1 миллион теңгені құрайды. Байқау шартына сәйкес, иллюстраторлар өз туындысына 1991-2021 жылдары Қазақстанда болған мәдени, спорттық, саяси және т.б. шараларды арқау етеді.
Байқауға 16 жастан асқан, ұйымдастыру комитетіне көптеген жұмысын жолдауға құқығы бар қазақстандық суретшілер қатыса алады.
- 1-кезеңде кәсіби суретшілер мен қоғам қайраткерлері келіп түскен суреттерді бағалайды;
- 2-кезеңде суретшілерге ортақ тапсырма беріледі. Осы тапсырма нәтижесінде 30 үздік иллюстратор анықталады;
- 3-кезеңде арнайы жинақта жариялау үшін иллюстраторларға Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған тарихи тақырыптар беріледі.
30 үздік суретшінің туындысы "Қазақстан Республикасының тарихы" атты кітапта жарияланады. Соңында жүлде қоры барлық қатысушыға теңдей үлестіріледі.
Қатысушылар өтінімді 2021 жылдың 31 шілдесіне дейін khancomicswork@gmail.com почтасына жолдай алады. Өтінім анкета түрінде портфолиомен бірге жібергенде қабылданады.