Алматы прокурорлары есірткі таратқан Telegram-арналарды бұғаттады, деп хабарлайды Бас прокуратура. 

Есірткі мен психотроптық заттарды жарнамалап, таратқан 16 Telegram-арна жабылды. Бұл топтар есірткі сатудан бөлек, "салымшы" ретінде жұмыс істеу ұсынып отырған.

Медеу ауданының прокурорының талап арызын сот мақұлдап, бұл топтардың қызметі толықтай тоқтатылды. 

"Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы 1-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, одан әрі тергеу үшін полицияға жолдады", – делінген хабарламада.