Алматыда екі троллейбустың бағыты уақытша өзгерді. Бұл туралы Алматы қалалық мобильділік басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жылу желілерін жөндеу жұмыстарынан Гагарин даңғылында жол жабындысының зақымдалған. Сондықтан 30 маусымнан бастап №1 және №9 троллейбустың бағыты уақытша өзгерді.

"Гагарин даңғылының Есқараев көшесінен Ходжанов көшесіне дейінгі бөлігінде №1 және №9 маршруттардың сызбасына уақытша өзгеріс енді.  Троллейбустар Тимирязев көшесінің батысымен – Розыбакиев көшесінің оңтүстік жағымен – Березовский көшеснің шығыс жағымен – Гагарин даңғылының солтүстік бөлігімен, одан әрі маршрут бойынша жүреді", — делінген хабарламада.