10 тамызда Алматыда әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің концертіне байланысты бірнеше көше жабылады, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Алматы полиция департаменті көлік қозғалысы үш учаскеде сағат 16:00-ден бастап шектелетін картаны жариялады:

  • Байтұрсынов көшесі-Шевченко көшесінен Тимирязев көшесіне дейін;
  • Сәтбаев көшесі-Сейфуллин даңғылынан Байзақов көшесіне дейін;
  • Абай даңғылы-Сейфуллин даңғылынан Мұқанов көшесіне дейін.