Алматыда Бұқар жырау желекжолындағы кейбір учаскелерде қозғалыс уақытша шектеледі
Жұмыс кезінде оқшаулағыш жабынның, сонымен қатар құбырдың төрт коррозиялық зақымдануы анықталды.QazaqGazAimaq Алматы өндірістік филиалы қаладағы көлік қозғалысында бірнеше шектеулер пайда болатындығын мәлімдеді.
Атап айтқанда:
- 17 қазан сағат 13.00-ден 20 қазан сағат 23.00-ге дейін Бұқар жырау атындағы желекжол бойымен Жароков көшесінен Әуезов көшесіне дейін жол толығымен жабылады;
- 18 қазаннан 19 қазанға дейін түнгі уақытта сағат 10.00-ден 6.00-ге дейін Әуезов көшесі арқылы Бұқар жырау атындағы бульвар бойымен түнгі өткел жүргізіледі.
"Жароков көшесінен Бұқар жырау көшесі бойымен орта қысымды жерасты газ құбыры Есентай өзеніне дейін 1972 жылы пайдалануға берілді. Жалпы ұзындығы – 1766,9 қума метр. Жұмыс кезінде оқшаулағыш жабынның, сонымен қатар құбырдың 4 коррозиялық зақымдануы анықталды. Жұмыс аяқталғаннан кейін іргелес аумақты абаттандыру және асфальт төсемді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі", – делінген хабарламада.