Алматыда жол-көлік апаты болып, машиналардың бірі автомобиль көпірінің жиегінен шығып кетті, деп хабарлады Polisia.kz.

Екі көлік те Рысқұлов даңғылының бойымен батыс бағытта жүріп келе жатқан. Volkswagen көлігінің жүргізушісі маневр жасау барысында Toyota көлігімен соқтығысқан. Ол көпірдің тірегіне соғылып, жолдан шығып кетіп, аударылған. 

Toyota көлігінде жүргізуші мен бес жолаушы бар екені анықталды. Олар медициналық тексеруден өту үшін қалалық ауруханаларға жеткізілді.

Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.