Алматыда бағыттарға тағы 17 жаңа троллейбус қосылды
Алматының №1 троллейбус паркі соңғы 11 жылда алғаш рет жаңартылып жатыр.Бүгінде қалаға 55 троллейбус жеткізілді, оның 19-ы №1, №9, №12, №5, №11, №25, №7, №19, №6 маршруттарға берілді. Алматыда көрсетілген бағыттар бойынша тағы 17 жаңа троллейбус қосылды. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.
Техникалық дайындықтан өткен жаңа троллейбустар жолаушылар тасымалына шығады, соның нәтижесінде барлық 9 троллейбус бағыты бойынша 60% жаңа троллейбус жолға шығады.
Бұрын хабарланғандай, Алматының №1 троллейбус паркі Yutong ZK6128BEVG 12 метрлік төмен еденді троллейбустардың бірінші партиясын алды. Жылжымалы құрам Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен соңғы 11 жылда алғаш рет жаңартылып жатыр.
Оқи отырыңыз: Алматыда екі троллейбустың бағыты уақытша өзгерді
Техникалық дайындықтан өткен жаңа троллейбустар жолаушылар тасымалына шығады, соның нәтижесінде барлық 9 троллейбус бағыты бойынша 60% жаңа троллейбус жолға шығады.
Жаңа "Ютонгтар" жолаушылардың жайлы әрі қауіпсіз қозғалысы үшін барлық қажетті құрылғымен жабдықталған, электр қуаты өшіп қалса да батареямен жүре алады.