Алматыда автобус жүргізушілерінің кінәсінен үш адам қаза тапқан
Полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, жол-көлік оқиғаларына себепкер болатынын айтады.Алматыда жыл басынан бері автобус жүргізушілерінің кінәсінен 170 жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала полицейлері жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөлік кәсіпорындарына, қаланың жол жағдайында автобустардың техникалық жағдайына, дұрыс жұмыс істеуіне мұқият тексеру ұйымдастырды.
Полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, жол-көлік оқиғаларына себепкер болатынын атап өтті.
"Тек жыл басынан бері автобус жүргізушілерінің кінәсінен 170 жол-көлік оқиғасы орын алып, соның салдарынан 3 адам қаза тауып, 55 адам жарақат алған. Сонымен қатар, қоғамдық көлікте жолаушылардың құлауы өте жиі кездеседі, ол негізінен шұғыл тежеу немесе керісінше, күрт қозғалу салдарынан орын алады", – деп жазылған хабарламада.
2021 жылы автобустың ішінде құлағаннан 328 жолаушы зардап шекті.
Оқи отырыңыз: Ақтау қаласындағы қоғамдық көліктер 100 пайызға жаңарды