Алматы әкімдігі қалада Астана күніне орай өтетін іс-шаралар тізімін жариялады. 

4 шілде күні сағат 19:00-де Ықылас атындағы музыкалық аспаптар мұражайында Made in KZ тобының қатысуымен "Асқақтай бер, Астана" концерті болады. 5 шілде күні, сағат 14.00-де Alatau Creative Hub-та "Жарқырап, жайнай бер, Астана!" кітап көрмесі мен балаларға арналған зияткерлік ойын өтеді.

6 шілдеде Абай алаңында сағат 20:00-де Астананың 25 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді. Сахнада Луина, Ziruza, Akim, Kyle Ruh, Bonapart, C.C.Tay, Malika Yes, Aya Funk, Rin'Go, "Жігіттер", "Бақай" тобы және тағы басқалары өнер көрсетеді.

Бұған қоса, мерекелік іс-шаралар қаланың барлық ауданында өтеді:

 - Наурызбай ауданы: мерекелік концерт, 5 шілде сағат 11:00-де, Инновациялық шығармашылық орталығы, Шұғыла ш/а., 347/4;

 - Алатау ауданы: концерт, 5 шілде сағат 17:00-де, Атлетикалық ауыл, Нұркент ш/а., 5/2;

- Түрксіб ауданында: эстрада жұлдыздары мен көркемөнер ұжымдарының қатысуымен 5 шілде күні сағат 18:00-де Сауранбаев көшесіндегі Арбатта мерекелік іс-шара өтеді. Сағат 20:30-да ашық аспан астында фильм көрсетіледі;

- Әуезов ауданында: мерекелік концерт, 6 шілдеде сағат 11:00-де Family саябағында;

- Медеу ауданында: шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт, 6 шілде күні сағат 11:00-де Гоголь көшесі, 1-үй мекенжайындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында;

- Алмалы ауданында: мерекелік концерт, 6 шілдеде сағат 17:00-де MEGA Park СОО аумағында.

- Бостандық ауданында: мерекелік концерт, 6 шілдеде сағат 18:00-де Mega Center Alma-Ata СОО амфитеатрында.