Алматыда 41 жастағы ер адам анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Бостандық ауданында кісі өлтіру фактісі тіркелді.
Алматы қаласының Бостандық ауданында ер адам өз анасын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.
Ведомство мәліметінше, күдікті — 41 жастағы ер адам, ол психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған.
"Күдікті, марқұмның 41 жастағы ұлы ұсталды. Ол психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған. Оқиғаның өзге мән-жайлары анықталып жатыр", – деді полиция өкілдері.
Қазір аталған факті бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.