Алматы хостеліндегі өрт: Мемлекет басшысы қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты
Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады.Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы хостелдердің бірінде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылды" – деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетсек, Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 30 қараша күні сағат 05:33-те Әди Шәріпов көшесіндегі өрт туралы хабарлама түсті. Бірінші өрт сөндіру бөлімі шақырту орнына 7 минут ішінде келді.
Оқи отырыңыз: Алматы хостеліндегі өрт: Үкіметтік комиссия құрылды