Алматы тұрғынының көлігін өртеген әзербайжандық күдіктілер ұсталды
Күдіктілер Алматыдан қашып кетпек болды.Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 32 және 38 жастағы екі Әзербайжан азаматын ұстады. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Олар түнде көпқабатты үйлердің бірінің ауласында көліктің терезесін сындырып, ішіне бензин құйып, өртеп жіберген.
Зардап шеккендер жоқ.
"Қылмыс “ізін суытпай” ашылды. Күдіктілер Алматыдан қашып кетпек болды. Күдіктілердің көлік иесімен таныс екені белгілі болды. Олардың айтуынша, әйел уәдесін орындамаған, сол себепті шетелдіктер одан кек алғысы келген. Өрт қоюдың шынайы себебін тергеу анықтайтын болады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Жақыпбаев.
Оқи отырыңыз: Шымкент пен Павлодарда бопсалауға қатысты екі топ ұсталды
ҚР Қылмыстық кодексінің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.