26 қазанда Алматыдағы мұражайда "Самаурыныңыз сарқылмасын" атты көрменің ашылуы рәсімі өтеді. Аталған көрмеге 50-ге жуық экспонат қойылған.

Көрмеде ағайынды Баташевтар, Берта Тейле ұлдарымен, Ворошилов және Слюзбергтердің Тула қаласында жасалған самаурындарын тамашалауға болады.

"Ұсынылған коллекциядағы жәдігерлер санымен ғана емес, олардың сан алуандығымен де ерекшеленеді. Көрмеге келушілер XIX-XX ғасырлар самаурындарының кез келген формадағы – "ваза" мен "шардан" бастап, "рөмке" мен "цилиндрға" дейінгі түрлерін кездестіреді. Барлығы әртүрлі фабрикада жасалып, түрлі шебердің қолынан шыққан. Сонымен қатар, ескі сервиздер, ас үй құралдары, атақты "кузнецов" фарфор зауытының өнімдері мен музей қорынан алынған кескіндемелер мен фотосуреттер қойылады", – делінген хабарламада. 

Мұражайдағы экскурсия кезінде Тула самаурындарынан шай ішуге болады.

Көрме 26 қазан күні сағат 15:00-де Қабанбай батыр көшесі, 132 үйде орналасқан мұражайда өтеді.