Алматы халықаралық әуежайы УЕФА Чемпиондар лигасының ойыншылары – "Реал Мадрид" клубының футбошыларын қарсы алды, деп хабарлайды Sportburo.kz.

Испандық команданың келуіне орай дәстүрлі қабылдау ұйымдастырылды: қонақтарға тәттілер ұсынылып, ұлттық музыкалық бағдарлама дайындалды. Сонымен қатар Чемпиондар Лигасының әнұраны қазақ ұлттық аспаптарында орындалып, футболшыларға ерекше әсер қалдырды.

"Қайрат" пен "Реал" арасындағы кездесу 30 қыркүйекте Алматының орталық стадионында өтеді. Басталуы – сағат 21:45 (Қазақстан уақыты).