Almaty Open ATP 250 турнирін теледидар арқылы 9 миллионға жуық адам тамашалады
Турнир матчтарын Қазақстанда 5 телеарна көрсетті.Алматы жарысы аяқталғаннан бері бір апта өтті. Оның түрлі қорытындылары шығарылып жатыр. Турнирдің Қазақстан мен әлемдегі медиа-аудиториясы жөнінде алдын ала мәліметтер белгілі болды.
Almaty Open ATP 250 турнирінің матчтарын Қазақстан аумағында бес канал: Qazsport, Insport, Almaty TV, "31 канал", Sport+Qazaqstan көрсетті. Барлығы – 123 көрсетілім: турнирдің бүкіл 54 матчы LIVE түрінде, тағы 69 ойын жазып алынып көрсетілді. Көрсетілімдер Қазақстандағы басқа кез келген турнирдегіден көп болды. Жарыс кезіндегі көрсетілімнен басқа, дода біткеннен кейін де телекөрермендердің Almaty Open ATP 250 турниріне қайта оралып, шеберлердің ойынын тамашалауы үшін телеканалдарда үздік матчтарды көрсету жоспарланған.
Шетелде турнирді көрсету құқығын қырықтай телекомпания 120-дан астам ел аумағында тарату үшін сатып алды. Олардың ішінде Sky, ESPN, Eurosport, Tennis Channel, Bein Sports және басқа құрлық пен әлемде хабар тарататын телевизиялық холдингтер бар. Almaty Open ATP 250 жарысын АҚШ, Ұлыбритания, Франциядан бастап Сомали, Мавритания, Сент-Китс және Невис аралдарына дейін бүкіл дүние жүзінде көрсетті.
Турнир туралы республикалық көлемдегі 12 қазақстандық телеканал тұрақты хабарлап отырды, бұл – рекорд, бұдан бұрын 150-ден астам бағдарламалық-жаңалық хабарлар болған емес.
Турнирмен Almaty TV, Atameken Business, 24KZ, МТРК "МИР", "31 канал", Qazsport, Sport+Qazaqstan, Insport, Jibek Joly, SILK WAY, "Хабар", "Евразия" бірінші каналы жұмыс істеді. Турнирден тілшілер тікелей көрсетіп, жаңалықтарда сюжеттер, таңғы, шолу және басқа бағдарламаларда материалдар дайындап шығарды. Қазіргі кезде телеканалдарда "Турнир туралы қорытынды бағдарламалар" орналастырылды, бұлар таяудағы апталарда берілетін болады.
Бәрін қосқанда, барлық платформаларда (ТВ, стриминг, әлеуметтік желілер және басқалар) Almaty Open АТР 250 телевизиялық аудиториясы 9 миллиондай адамды қамтыды.
Баспасөз және желілік басылымдарда турнир туралы Германия, Чехия, Чили, Аргентина, Испания, Аустрия, Франция, АҚШ, Ұлыбритания, Үндістан, Мажарстан, Аустралия, Канада, Ресей және басқа елдерде жарық көрді. Турнирге барлығы жазба БАҚ-тан 75-тен астам қазақстандық және шетелдік өкілдер аккредиттелді. Турнир туралы жарияланымдардың барлық қамту көрсеткіші тұрғысынан қазақстандық медиа-нарықта қаралым 200 млн, халықаралық БАҚ-тарда 600 миллионнан асты.
Beeline Janymda. Қазақстандағы ең қамту аумағы үлкен мобильді интернет.