Алматы облысы Ұйғыр ауданына қарасты Үлкен Ақсу ауылдық округінде сібір жарасына күдікті төрт жағдай тіркелді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы облысының әкімдігі бұл жағдайға байланысты ветеринарлық-санитарлық уақытша шектеу енгізілгенімен, карантин болмайтынын хабарлады.

"Ұйғыр ауданында, сібір жарасына күдікті жағдайлардың анықталуына байланысты, ветеринарлық-санитарлық уақытша шектеу шаралары енгізілді. Карантин жарияланған жоқ", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында мал мен ауылшаруашылық жануарлардан алынатын өнімдерді экспорттауға шектеу қойылды.

Сібір жарасы адамнан адамға жұқпайтындықтан, азаматтардың жүріп-тұруына ешқандай шектеулер қойылған жоқ.