Anadolu Efes компаниясы Алматы облысындағы Береке зауытында жаңа құю желісін ресми түрде іске қосты. Бұл – компанияның Қазақстандағы ұзақ мерзімді инвестициялық стратегиясындағы маңызды кезең. Жобаға салынған жалпы инвестиция 4 миллион АҚШ долларын құрады. 

Германияда жасалған жаңа жоғары технологиялық бөтелке құю желісі жергілікті өндірістік қуатты нығайтады. Атап айтқанда, жаңа желі өндіріс қуатын 25 пайызға арттырып, форматты ауыстыру уақытын 30 пайыза қысқартты. Сәйкесінше, бұл компанияға нарық сұраныстарына икемді және жылдам жауап беруге мүмкіндік берді.

Компанияның бас директоры Онур Алтурктың айтуынша, компания ондаған жылдар бойы Қазақстанға инвестиция бағыттап, тұрақты өсу қағидаттарына негізделген ұзақ мерзімді тәсілді қолданады. 

"Жаңа ​​құю желісіне салынған бұл соңғы инвестиция біздің өндірістік мүмкіндіктерімізді нығайтып, ресурстардың тиімділігін арттырады, Сонымен бірге Қазақстанның халықаралық операцияларымыз бен экспорттық қызметіміз үшін негізгі орталық ретіндегі рөлін күшейтеді", – деді ол. 

Сауда және өнеркәсіп вице-министрі Әсет Нүсіповтің сөзінше, түркиялық компания Қазақстанға алғашқы ірі инвестиция салған кәсіпорындардың бірі болса, әліге дейін бұл серіктестік дамып, өз жемісін беріп келеді. 

"Жаңа инвестициялық қолдау Қазақстанның маңызды стратегиялық нарық ретінде рөлін арттырады", – деп атап өтті ол.