Алматы облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт толықтай сөндірілді. Бұл туралы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

"Өртті сөндіруге Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстарының, Абай және Жетісу облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінің күштері мен құралдары, 28237, 52859 және 68303 әскери бөлімдері, сонымен қатар ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары жұмылдырылды", – делінген хабарламада.