Алматы облысының 62 елді мекенінде электр жарығы қалпына келтірілді, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Наурыздың 14-і күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы облысының көптеген елді мекендерінде электр жарығы өшірілді.

Түнде мына көшелерде электрмен жабдықтау қалпына келтірілді:

  • Еңбекшіқазақ ауданы бойынша: Тескенсу, Ащысай, Қаратүрік, Лавар, Май, Байсейіт, Масақ, Нұрлы, Малыбай, Қайрат, Жаңа-Шаруа, Дихан, Ақтоған, Асы-Саға, Қаражота, Көкпек, Бабатаган, Ф 8-59 Бәйтерек, Азат, Бөлек, Таутүрген, Түрген, Көктөбе ауылдары.
  • Талғар ауданы бойынша: Талғар қаласында, Белбұлақ, Талдыбұлақ, Бірлік, Тұздыбастау, Гүлдала, Бесағаш ауылдары, Панфилов, Рысқұлов ауылдары.
  • Іле ауданы бойынша: Жаңадауыр, Қоянқұс, Байсерке, Жомарт, Жаңалық ауылдары және «Ардагер» саяжайлары.
  • Жамбыл ауданы бойынша: Қарғалы, Қарасу, Мыңбай, Самсы, Балғабек-Қыдырбекұлы, Үмбеталы ауылдары.
  • Қарасай ауданы бойынша: Іргелі, Әйтей, Жандосов, Шамалған, Елтай, Береке, Қошмамбет, Жамбыл, Шалқар, Шүтерек, Кемертоған, Көктоған, Тұрар, Жалпақсай, Құлашы, Батан, Ұлан ауылдары, «Рахат» саяжайы, Қаскелең қаласы.
  • Ұйғыр ауданы бойынша: Сүмбе, Ташқарасу ауылдары.

Оқи отырыңыз: Жылу мен жарыққа жарымай отырған атыраулық 4 мың тұрғын қыста жылусыз қалды