ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін, 6 мамырда сағат 9.12-де Алматы облысында жер сілкінгенін хабарлады. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығыс бағытта 194 км қашықтықта, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан.

"ҚР ТЖМ "СБЗҰҒҰ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 6 мамырда Алматы уақытымен 09 сағат 12 мин 44 сек жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай Қазақстан мен Қырғыстан шекарасында 194 км жерде орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер: Алматы облысының Кеген ауданының Кеген ауылында 2 балл. Зардап шеккендер мен қираулар жоқ", – делінген ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: Жер сілкінісінің ошағы Алматыға жақындап келеді. 130 жыл бұрынғы жойқын зілзала қайталана ма