Алматы облысында жедел жәрдем көлігі адамдарды қағып кетті: полиция тергеу жүргізіп жатыр
Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін екі қыз да амбулаториялық емделуге жіберілген.Алматы облысы Есік қаласында жедел жәрдем көлігі екі адамды қағып кетті, деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.
Жол апаты 12 қыркүйекте болған.
"Алтын Адам аллеясы көшесімен жүріп келе жатқан жедел медициналық жәрдем жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде жолдың жүріс бөлігін кесіп өткен екі қызды қағып кеткен", – делінген хабарламада.
Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін екі қыз да амбулаториялық емделуге жіберілген. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылып, полиция тергеу жүргізіп жатыр.