Алматы облысы Райымбек аудандық сотында атыс қаруларды, оқ-дәрілерді заңсыз иемденді, сақтады, тасымалдады деген айыппен (ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша) күдіктіге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Алматы облыстық сотының мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың 5 шілдесінде айыпталушы атқа отырып Алматы облысы Райымбек ауданы, Жамбыл ауылдық округіне қарасты "Аққөл" жайлауында мал жайып жүрген кезінде, іннің аузынан шығып тұрған ақ түсті қапты көрген.

Қаптың ішінде ешбір құжатсыз "ВЕПРЬ-308" және "ТОЗ-8" маркалы қаруларын, 308 win калибрлі және 5,6 калибрлі қарулардың оқ-дәрілерін тауып алған.

"Сотталушы қапты ішіндегі заттарымен өз атына жүктеп, өзімен бірге Қаратоған ауылына апарып, өз тұрғын үйінде заңсыз сақтаған. Сотталушының кінәсі іс-материалдармен: куәлардың айғақтарымен және сотта расталған басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденген. Сот сотталушының өзіне тағылған іс-әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады", – деп хабарлады сот Үкім заңды күшіне енбеді.