Алматы облысында биыл балалардың қатысуымен 92 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Жыл басынан бері Алматы облысында 493 жол-көлік оқиғасы тіркелді.Алматы облысының полицейлері балалар мен ересектердің жол ережелерін мүлтіксіз сақтауына шақыра отырып, жол қозғалысының кішкентай қатысушыларының қатысуымен “Абайлаңыз, балалар!” акциясын өткізді. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
"Жүргізуші болу – жауапкершілікті талап етеді. Жолда абай болыңыз. Мас күйде көлік жүргізбеңіз. Телефонмен сөйлесуге алаңдамаңыз. Балалардың қауіпсіздік белдігін бекітіңіз. Біз мүмкін емес нәрсені сұрамаймыз, тек Сізді жол қауіпсіздігін сақтауға шақырғымыз келеді және сіздің салғырттық танытқаныңыз салдарынан біреудің өміріне зияндығы тиуі мүмкін екенін есте салғымыз келеді", – деп балалар ересектерге үндеу жасады.
Балалар – адамдардың ең осал және қорғалмаған санатынан. Жыл басынан бері Алматы облысында 493 жол-көлік оқиғасы, оның ішінде 92-сі – балалардың қатысуымен болды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан балалар саны 24% көбейді
"Ең бастысы: әрдайым және барлық жерде баланың жанында болған кезде жол ережелерін қатаң сақтау. Бала отырған көлікті басқара отырып, әрқашан қауіпсіздік белдігі бекітілуі, мұқият және сақ болыңыз. Рұқсат етілген жылдамдықтан аспаңыз, сондай-ақ негізсіз маневрлерден, әсіресе басып озу үшін қарсы жолаққа шығудан аулақ болыңыз", – деп атап өтті облыстық департаменттің баспасөз қызметі.