Алматы облысында Re.Women "Әйел және цифрлық әлем: бизнес, медиа, шабыт" форумы өтті. Іс-шараға жүзден астам қатысушы, соның ішінде әйел-кәсіпкерлер, сарапшылар, пікір көшбасшылары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Қонақтар цифрландыру мен жаңа технологиялардың бизнес пен қоғамның дамуына қалай әсер ететінін талқылап, практикалық кейстерімен және шабыт беретін оқиғаларымен бөлісті.

Форум бағдарламасына әйелдер жасаған өнімдер мен әлеуметтік жобалар ұсынылған Impact Zone көрмесі де кірді. Мұнда қазақстандық экотері аяқ киімдері мен сөмкелері, қолөнершілердің тауарлары, трансформациялық ойындар және тағы басқа жобалар таныстырылды. Сонымен қатар, экономикадағы әйел-кәсіпкерлердің рөлі туралы панельдік пікірталастар, жеке брендті құру мен ілгерілету, сторителлинг және бизнесте AI құралдарын қолдану тақырыптарында баяндамалар өтті.

Осыған қоса, коммуникация саласындағы жетекші мамандар өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, брендтерді дамыту және аудиториямен өзара іс-қимыл жасау бойынша практикалық кеңестер берді.

"Ірі компаниялар үшін PR – бизнестің стратегиялық бағыты. Ол тұтынушылар арасында сенімді нығайтуға, жағымды бедел қалыптастыруға және бизнестің тұрақты дамуына ықпал етеді. Мұндай форумдар дұрыс коммуникацияның тек кәсіпкерлік субъектісінің ғана емес, тұтас саланың өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашатынын тағы да дәлелдейді", – деді Gorilla Asia компаниясының бас директордың орынбасары Фархат Сеитов. 

PR-Guide директоры Олеся Колесниченко бүгінде жеке бренд пен PR және медиа арқылы дұрыс коммуникация бизнестің дамуының негізіне айналғанына тоқталды.

"Әйелдер өздері мен жобалары туралы батыл айтып, ілгері жылжуға көмектесетін және серіктестерді тартатын бейне қалыптастыруы маңызды. Бұл форум энергия алмасу, қолдау және жаңа жеңістер мен жетістіктерге шабыт беретін тамаша алаң болды", – деді ол.

Қатысушылар Re.Women форумының бизнесті нығайтуға арналған жаңа білім көзіне, нетворкинг пен жаңа байланыстар алаңына, сондай-ақ күш-қуат, қолдау мен алға ұмтылуға мотивация беретін кеңістікке айналғанын атап өтті.