Алматы метросындағы пойыздар жиі жүре бастады
Метрополитен әкімшілігі қосымша пойызды іске қосты.Қосымша пойыздарды іске қосудың арқасында Алматы метросындағы пойыздардың жүру аралығы 5 минут 38 секундқа дейін қысқарады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
"Енді кептьеліс кезінде желіде 11 пойыз жүреді. Оқу жылының басынан бері метрополитендегі жолаушылар тасымалы тәулігіне 70-тен 90 мың жолаушыға дейін өсті. Талдау жолаушылар санының тәулігіне 100 мыңға дейін жүйелі түрде өскенін көрсетті", – деп хабарлайды қала әкімдігі.
Алматы метросының пойыздары жалпы сыйымдылығы 900 адамнан асатын төрт вагоннан тұрады.
Оқи отырыңыз: 15 қарашадан бастап Алматыда жаңа қалалық бағыт іске қосылады