Орталық референдум комиссиясы сағат 10.00 жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың референдумға қатысу статистикасын жариялады.

  • Абай облысы бойынша – 17,98 %;
  • Ақмола облысы бойынша – 19,82 %;
  • Ақтөбе облысы бойынша – 21,80 %;
  • Алматы облысы бойынша – 18,10 %;
  • Атырау облысы бойынша –19,44 %.;
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша – 18,80 %;
  • Жамбыл облысы бойынша – 18,49 %;
  • Жетісу облысы бойынша – 21,01 %;
  • Қарағанды облысы бойынша – 26,64 %;
  • Қостанай облысы бойынша – 19,24 %;
  • Қызылорда облысы бойынша – 24,02 %;
  • Маңғыстау облысы бойынша – 18,53 %;
  • Павлодар облысы бойынша – 16,36 %;
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 18,72 %;
  • Түркістан облысы бойынша – 21,21 %;
  • Ұлытау облысы бойынша – 20,31 %;
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 20,64 %;
  • Астана қаласы бойынша – 20,68 %;
  • Алматы қаласы бойынша – 9,54%;
  • Шымкент қаласы бойынша – 21,36%.

Жалпы, сағат 10.00 жағдай бойынша 2 393 844 азамат бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 19,21% құрады.

Еске сала кетейік, жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум бүгін, 15 наурызда өтіп жатыр. Дауыс беруге 12 миллионнан астам сайлаушы қатыса алады. Алғашқы референдум учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де Сеул мен Токио қалаларында ашылған болатын.

Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат  сағат 12.00-де жарияланады.