Алматы коронавирустың таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына байланысты "сары" аймаққа өтті, деп хабарлады Санитарлық-эпидемиологиялық комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Бұған дейін коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қазақстанда эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде қолға алынатын шаралар туралы айтқан болатын. Оған сәйкес: 

  • науқаспен байланыста болған адамдар қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі;
  • коронавирусқа қарсы екпе алуға қарсы көрсетілімдері бар адамдар және жүкті әйелдер қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі;
  • жабық мекемелер мен қоғамдық көліктерде маска тағу міндеттеледі;
  • 10 және одан көп адам қатысатын жиындар онлайн форматта өткізіледі. 

Оқи отырыңыз: Сіз білуіңіз қажет! Covid-2019 коронавирусынан сақтану шаралары