Алматы комендатурасы Райымбек және Абай даңғылы, Төле би көшесімен жүрмеуді өтінді
Құқық қорғау органдары жағдайды тұрақтандыру және заңдылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды жалғастыруда.Алматы комендатурасы қала тұрғындарынан қоғамдық тәртіп сақтауды сұрады.
"Құрметті Алматы қаласының тұрғындары! Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және экстремизмге қарсы күрес бойынша операциялардың жалғасуына байланысты автокөлік иелерінен Төле Би, Райымбек және Абай даңғылдарын, сондай-ақ, қала орталығын айналып өту жолдарын жоспарлауды сұраймыз. Мұнымен қатар, қала тұрғындарынан қазіргі уақытта серуендеуден және қоғамдық орындарға барудан бас тартуды өтінеміз. Бұл шаралар Сіздің жеке қауіпсіздігіңіз үшін қабылданды. Құқық қорғау органдары жағдайды тұрақтандыру және заңдылықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауды жалғастыруда", – делінген хабарламада.
Мұнымен қатар, қалалық комендатура жалған ақпараттар таралып жатқанын ескертті.