Алматы қаласында бірқатар саябақ ашылады. Олардың көп бөлігі Алатау, Медеу және Наурызбай аудандарында орналасқан, деп хабарлайды қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының баспасөз қызметі. 

Салынатын саябақтар балалар және спорт алаңдары, демалыс орындарымен жабдықталатын болады. 

"Қала орталығынан алыс орналасқан әрбір ауданда серуендеу аймағын салу жоспарланып отыр. Боралдай саябағы Тереңқұрға ұқсас жайластырылады. Ал Зерделіде орталық мәдениет саябағына ұқсас жастар саябағы салынады" – делінген хабарламада. 


Оқи отырыңыз: Алматы саябақтарында саңырауқұлақ теруге 40 күн тыйым салынады


Мұнымен қатар, баспасөз қызметіндегілер саябақтар мен скверлерді күтіп ұстауда қиындықтар барын атап өтті. 

"Бірыңғай оператор – Eco Almaty ЖШС техникалық қызмет көрсету және қызмет көрсету бойынша ұсыныс енгізілді", – деді басқармадағылар. 

Қайта жөнделетін және абаттандырылатын объектілердің толық тізімі:

  • Алмалы ауданындағы ҚБТУ артындағы "Солтүстік" сквері;
  • "Алматы зоологиялық паркі" КМҚК аумағында тазарту құрылыстарын пайдалана отырып, тоғандарды абаттандыру;
  • Байсейітова көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер аймағы Сәтпаев көшесінен Жамбыл көшесіне дейін;
  • Байсейітова көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағы;
  • Жарбұлақ өзенінің арнасын реконструкциялау;
  • "Желтоқсан" саябағы Түрксіб ауданындағы Маяк шағын ауданы;
  • Есентай өзенінің жағалауы, Жетісу ауданындағы Көкмайса шағын ауданы;
  • Медеу ауданындағы оқушылар сарайының жанындағы сквер;
  • Медеу ауданындағы су бөлгіштен Жамақаев көшесіне дейінгі Есентай өзенінің су қорғау белдеуі мен арнасы;
  • "Солтүстік" сквері.