Алматы, Астана және Шымкент қаласында студенттерге арналған дағдарыс орталығы ашылды
Бұл жерде студент жатақханаға орналасқанша 1-2 күн түнеп шыға алады.Студенттер жатақханаға өтінішті онлайн түрде жібереді. Жауабы 1 күн ішінде келеді. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram арнасында жазылды.
Астана мен Алматыдағы дағдарыс орталығы – 30, ал Шымкенттегі дағдарыс орталығы – 20 орындық. Бұл жерде студент жатақханаға орналасқанша 1-2 күн түнеп шыға алады.
"Оған қоса әрбір жоғары оқу орнының жанынан ахуал орталығы да құрылды. Мұның барлығы үлкен қалаларға білім іздеп келген студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету үшін жасалуда", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: Көлгінов жатақхана тапшылығы туралы: Ректорлар студенттерге жағдай жасауға мүдделі болуға тиіс.