Алматы әуежайындағы халықаралық рейстер жаңа терминалға көшті
Ескі терминал енді тек ішкі рейстерге қызмет көрсетеді.Алматы әуежайында қазір барлық халықаралық рейстің ұшып-қонуы жаңа терминал арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлады әуежай әкімшілігі.
"Air Astana, Scat, FlyArystan, Qazaq air және Southern Sky авиакомпанияларының рейстері барлық ішкі бағытқа ескі терминал (T1) арқылы орындалады. Қазірдің өзінде Т1 терминалын қайта құру және тұрақ алаңын ұлғайту бойынша жөндеу-құрылыс жұмыстары басталып кетті", – делінген хабарламада.
Жаңа терминалды 33 әуе компаниясы пайдаланады.
Олардың қатарында Air Astana, Scat, FlyArystan және 30 халықаралық әуе компаниялары бар:
Uzbekistan Airways,
Azerbaijan Airlines,
Pegasus Airlines,
Somon Air,
Wizz Air,
Vietjet,
Red Wings,
IndiGo,
Loong Air,
Rossiya,
Jazeera Airways,
Salam Air,
Air Arabia,
Red Sea Airlines,
Air Cairo,
Hunnu Air,
Azimuth Aero,
Yakutia Airlines,
Qeshm Air,
Air Asia,
S7 airlines,
FlyNas,
Neos Airlines,
China Southern Airlines,
Qatar Airways,
Lufthansa,
FlyDubai,
Turkish Airlines,
Asiana Airlines,
Aeroflot.