Сумен жабдықтау желілеріндегі жоспарлы жұмыстарға байланысты Алмалы ауданында суық су жергілікті түрде ажыратылады, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің ресми сайты

8 маусым күні сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Тілендиев – Райымбек – Розыбакиев – Дүйсенов көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады.

"Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Анықтама телефоны: 274-66-66", – делінген "Алматы Су" МКК хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: "Күніне бір шелек су береді". Алматы облысының тұрғындары екі жылдан бері ауыз суға зәру