Бірінші кредиттік бюро Қазақстанда маусым айында сәбилерге ең көп қойылған есімдерді жариялады. Ең танымал есімдер – Әлихан мен Мадина.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы маусымда ер балаларға қойылған ең танымал 10 есім келесідей:

  • Әлихан – 298;
  • Алдияр – 262;
  • Амир – 240;
  • Омар – 233;
  • Алан – 227;
  • Айсұлтан – 208;
  • Мұхаммед – 188;
  • Нұрислам – 182;
  • Хамза – 180;
  • Әли – 171.

Сарапшылар екі жылда көп нәрсе өзгерді дейді. Алдияр, Амир және Омар есімдері рейтингіде жоғары көтерілген. Ал үздік үштікке енген Нұрислам мен Айсұлтан қазір үздік бестікке де кірмейді. Әлинұр мен Әміре есімдері тізімге енбеді. Оларыдң орнына Мұхаммед пен Хамза кірді. Әлихан бірнеше уақыттан бері көш бастап келеді.

Маусым айындағы қыздар арасындағы ең танымал есімдер:

  • Мәдина – 551;
  • Айлин - 482;
  • Айша – 452;
  • Асылым – 440;
  • Томирис - 305;
  • Сафия – 284;
  • Райан – 283;
  • Айым – 266;
  • Әмина – 257;
  • Аяла - 246.

Екі жыл бұрынғыдай, рейтингіде Мәдина мен Айлин есімдері көш бастап тұр. Одан кейін – Айым мен Әмина. Айша есімі танымал бола түсті. Томирис бірден 10-орыннан бесінші орынға көтерілді. Раяна мен Аяла есімдері қыздарға сирек қойыла бастады. Айзере тізімнен мүлде жоғалып кетті. Оның орнына Сафия келді.

2023 жылы алты айда Қазақстанда 189,5 мың бала дүниеге келді: 98 мың ұл, 91,5 мың қыз.