Әлеуметтік желі арқылы әлемге танылған америкалық судья Фрэнк Каприо қайтыс болды
Америкалық танымал судья Фрэнк Каприо 88 жасында өмірден өтті. Ол ұзақ уақыт қатерлі ісікпен күресіп келген болатын.
1985-2023 жылдар аралығында ол Провиденс сотының судьясы болды. Фрэнк Каприо айрықша сот үкімдері арқылы әлеуметтік желіде "ең мейірімді судья" ретінде танымал болған еді.
"Провиденсте қолға түскендер" ("Caught in Providence") телесериалы арқылы танымал. Оның бейнематериалдары әлеуметтік желілерде, соның ішінде 1,6 миллион жазылушысы бар TikTok платформасында кеңінен таралған.
"Оның мұрасы – ол шабыттандырған сансыз адамның ізгі істерінде өмір сүреді. Оның құрметіне біз де күн сайын ол жасағандай, әлемге аз да болса көбірек мейірім әкелуге тырысамыз", – делінген хабарламада.