Әлеуметтік осал топқа жататындар медициналық сақтандыру ақысын төлемейді
Келесі жылдан бастап әлеуметтік осал топқа жататын отандастарымыз медициналық сақтандыру ақысын төлеуден босатылады.Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, енді тұрмысы төмен азаматтар үшін төлемді жергілікті әкімдік жасайтын болады, деп хабардайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Ресми мәлімет бойынша, елімізде осы санатқа кіретін 192 мың адам бар. Олардың қатарында соғыс ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы аналар, жетім балалар бар.
Жауапты ведомство елімізде табысы ең төменгі шекті деңгейден де аз отбасыларға осылайша көмек көрсетуді жоспарлаған. Сондықтан министрлік болашақта әкімдіктер төлейтін сақтандыру мөлшерлемесін белгілейтін болады.
Оқи отырыңыз: Биыл ЭКО бағдарламасына 7 мың квота бөлінді. Оған медициналық сақтандыру арқылы қалай қатысуға болады?