Pew Research Center зерттеуіне сәйкес, әлемде мүлде дін ұстанбайтын адамдар саны да артып келеді.

2020 жылы әлем халқының 24,2 пайызы ешбір дінге жатпайтынын мәлімдеген (2010 жылы – 23,3 пайыз). Бұл көрсеткіштің өсуіне, әсіресе, христиан дінінен бас тарту ықпал етті. Дін ұстанбайтын адамдардың ең көп саны Қытайда тіркелген – шамамен 1,3 миллиард. Одан кейінгі орындарда АҚШ (101 миллион) және Жапония (73 миллион) тұр.

Сондай-ақ, қазіргі таңда христиан дінін ұстанушылардың ең көп шоғырланған аймағы – Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африка елдері (шамамен 31 %). Бұл аймақта халықтың туу көрсеткіші жоғары әрі жастар үлесі басым. Бұған дейін христиан дінінің ірі орталығы Еуропа болған. Қазір Еуропада халықтың қартаюы мен діннен бас тарту үрдісі байқалады.

Ал буддистер саны 2010 жылғы 343 миллионнан 2020 жылы 324 миллионға азайды. Бұл – төмен туу көрсеткіші мен діннен бас тарту салдары.

Зеттеушінің айтуынша, қазіргі үрдістер сақталса, мұсылмандар мен христиандар саны теңесіп, алдағы бірнеше жылда ислам әлемдегі ең ірі дінге айналуы мүмкін.

"Келесі кезеңде біз демографиялық модельдеу арқылы бұл теңдік нақты қай жылы орын алуы мүмкін екенін болжаймыз", – деді зерттеуші.

Еске салайық, бұған дейін Ислам таяу болашақта әлемдегі ең ірі дінге айналуы мүмкін екенін жазған болатынбыз