Қазақстан президентінің атына шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп түсуде, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысын: 

  • Ресей президенті Владимир Путин;
  • ҚХР төрағасы Си Цзиньпин;
  • Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев;
  • Қырғызстан президенті Садыр Жапаров;
  • Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон;
  • Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов; 
  • Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев;
  • Беларусь президенті Александр Лукашенко;
  • Армения президенті Ваагн Хачатурян;
  • Армения премьер-министрі Никол Пашинян;
  • БАӘ президенті шейх Мухаммед бен Заид Әл Нахаян;
  • БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай әміршісі Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум;
  • БАӘ вице-президенті, премьер-министрдің орынбасары Мансур бен Заид Әл Нахаян;
  • Марокко королі VI Мұхаммед;
  • Иран президенті Масуд Пезешкиан;
  • Мысыр президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси;
  • Испания королі VI Фелипе;
  • Испания премьер-министрі Педро Санчес;
  • Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер;
  • Германия федеральдық канцлері Фридрих Мерц;
  • Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер;
  • Италия президенті Серджо Маттарелла;
  • Мажарстан президенті Тамаш Шуйок;
  • Словения президенті Наташа Пирц-Мусар;
  • Албания президенті Байрам Бегай;
  • Хорватия президенті Зоран Миланович;
  • Латвия президенті Эдгарс Ринкевичс; 
  • Еуропалық кеңес президенті Антониу Кошта;
  • Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичи;
  • Корея президенті Ли Чже Мёң;
  • Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Лам;
  • Мьянма президентінің міндетін атқарушы Мин Аун Хлайн;
  • Руанда президенті Поль Кагаме; 
  • Сингапур аға министрі Ли Сянь Лун; 
  • ТМД бас хатшысы Сергей Лебедев;
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев;
  • ФИФА президенті Джанни Инфантино;
  • Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер;
  • халықаралық және өңірлік ұйым жетекшілері, бұрынғы мемлекет және үкімет басшылары, шетелдік көрнекті мемлекет қайраткерлері, шетелдік ірі компаниялар мен қаржы институттарының жетекшілері, дипломатиялық миссия өкілдері және басқа да ресми тұлғалар құттықтады.