Әкім, декан, директор. Үш облыстың сенат депутаты кімдер болады?
Абай облысында дауыс беруге – 112 адам, Жетісу облысында – 138 адам, Ұлытау өңірінде 61 адам қатысқан.Орталық сайлау комиссиясы Ұлытау, Жетісу және Абай өңірлеріндегі Парламент сенаты депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады.
Жетісу өңірінде сенаторлар болып сайланған кандидаттар:
- Кербұлақ ауданының әкімі Ғалиасқар Сарыбаев. Кандидат 108 дауыс жинады.
- Жетісу мемлекеттік университетінің деканы Аманкелді Толамысов. Кандидат 107 дауыс жинады.
Ұлытау өңірінде:
- Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров. Кандидат 41 дауыс жинады.
- Ұлытау ауданының әкімі Советбек Медебаев. Кандидат 38 дауыс жинады.
Абай ауданында:
- Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов. Кандидат 91 дауыс жинады.
- "Қайнар" жоғары колледжінің директоры Айнұр Арғынбекова. Кандидат 89 дауыс жинады.
Жалпы алғанда Абай облысында дауыс беруге – 112 адам, Жетісу облысында – 138 адам, Ұлытау өңірінде 61 адам қатысқан.