Ақтөбеде анасын төрт жерден пышақтаған жасөспірім 9 жылға сотталды
Оның қасында болған жігіт 15 жылға бас бостандығынан айырылды.Ақтөбеде туған анасын өлтірді деп айыпталған 16 жастағы қызға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот жасөспірімді 9 жылға, ал сол күні қасында болған 18 жастағы жігітті 15 жылға бас бостандығынан айырды.
Қылмыстық істі жүргізген судья әйелдің өліміне екі айыпталушыны да кінәлі деп тапты. Алайда өз кінәсін тек ішінара мойындаған жігіт сүйіктісінің анасына пышақ салмағанын, тек қорқыту үшін мойнынан қылғындырғанын айтып ақталды. Ал жасөспірім болса6 өз анасын төрт жерден пышақтағанын мойындады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанның қай өңірінде жиі қылмыс жасалады?