Ақсу қаласының тұрғынынан құны 2 млрд теңге болатын киік мүйіздері табылды
Жалпы салмағы 170 келіге жуық болатын Қызыл кітапқа енген жануардың 800-ге жуық мүйізі тәркіленді.Мүйіздерді облыстық Полиция департаментінің ҰҚҚКБ мен ҰҚКД қызметкерлері тәркіледі. Бұл туралы polisia.kz жазды.
Ұсталған Ақсу қаласының 49 жастағы тұрғынының гаражын тінту кезінде киік мүйіздері сақталған 8 жәшік табылды. Жалпы салмағы 170 келіге жуық болатын Қызыл кітапқа енген жануардың 800-ге жуық мүйізі тәркіленді.
"Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 1-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Бірқатар сараптама тағайындалды, соның ішінде биологиялық және трассологиялық. Ұсталғандардың мемлекетке келтірген зияны шамамен 2 млрд теңгені құрады", – деді Павлодар облысындағы Полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.
Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстан облысында 805 дана киік мүйізін алып бара жатқан браконьерлер ұсталды