АҚШ-тың аумағына әлемнің 112 елінен әкелінген иттер кіргізілмейді. Оған себеп – кинологиялық құтыру ауруының таралу қаупінің жоғарылауы, деп хабарлады 31-арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы

Тізімде Қазақстанға жақын орналасқан елдер қатарынан Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан, Украина, Өзбекстан бар.

АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының өкілдері бұл шара уақытша және елдегі иттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара екенін ескертіп отыр.

Материалдың толық нұсқасын төмендегі видеодан көріңіз: