Ақ жол: 25 жылда Қазақстаннан офшорға 140-160 млрд доллар шығарылған
Бұл Қазақстанның жылдық жалпы ішкі өнімі мен оның сыртқы қарызына тең."Ақ жол" депутаттары Қазақстаннан офшорға қаражатты кімдердің шығарғанын жариялауды талап етті. Бұл туралы мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов "Ақ жол" фракциясының депутаттық сауалында мәлімдеді.
"Біздің фракция сонғы жылдары "Панама тізімі", "Райское досье" және Швейцария банктерінің қазақстандықтырдың шоттарына қатысты депутаттық сауалдарымызда осы мәселелерді бірнеше рет көтерген болатын", – деді Мақсат Раманқұлов.
Оқи отырыңыз: Тоқаев бизнесмендерге: Болашақты Қазақстанмен байланыстырсаңыздар, қаржыны өз елімізге салыңыздар
Tax Justice network халықаралық ұйымының мәліметі бойынша, соңғы 25 жылда Қазақстаннан шетелдік оффшорларға шамамен 140-160 миллиард АҚШ доллары шығарылған, бұл бүкіл елдің жылдық ішкі жалпы өнімі мен оның сыртқы қарызына тең.
"Кейбір мәліметтерге сәйкес, соңғы 5 жылда Қазақстанның құқық қорғау органдары қаражатты шетелге заңсыз шығару фактілері бойынша 200-ден астам іс қозғаған. Алайда нақты нәтижелері туралы ештеңе белгілі емес", – делінген депутаттық сауалда.