Аймағамбетов: Аутизмді ерте кезеңде анықтайтын шаралар қабылдау қажет
Министр аутизм мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді.Бүгінгі күнгі өзекті мәселе – балалардағы аутизмды дер кезінде анықтау. Негізінде ол бала мектепке дейінгі ұйымға келген кезде анықтала бастайды. Аутизм белгілерін байқаған тәрбиешілер ПМПК немесе емханаға жүгінуді ұсынады. Ең өкініштісі, көпшілігі бұны мектеп жасында, бала бірінші сыныпқа барған кезде анықтайды. Аутизм дер кезінде, ерте кезеңде анықталатындай шаралар қабылдау қажет, сонда ғана қолдау көрсету тиімдірек болады, деді Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов. Министр бұл туралы аутизм мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің отырысында айтты.
Министр аутизм синдромы бар балалардың ата-анасына қолдау көрсету де маңызды екенін айтты.
"Ата-аналар ерекше қажеттіліктер туралы білгенде, мамандар іздей бастайды. Әдістемелермен жұмыс істеу, ата-аналарға онлайн курстар ұйымдастыру маңызды. Бірнеше модуль әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Мысалы, ата-аналар аутизм туралы алғаш білгенде не істеу керек, қайда барып, қандай шаралар қолдану керек, қандай көмек алуға болатыны сияқты кіріспе курс. Баланы үйде қалай оңалтуға болатыны туралы ата-аналарға арналған басқа да арнайы онлайн бағдарламалар дайындау жоспарда бар", – деді Асхат Аймағамбетов.
Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарға да педагог-ассистент штатын енгізу жоспарланған. Бірақ, оларға білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көмектесетін жеке көмекшілер берілуі мүмкін.
Министрдің айтуынша, балабақшалар мен мектептердегі ресурстық орталықтардың жұмысын үйлестіру мен қолдау қажеттілігі бар. Республикалық орталықта осы жұмысты жүргізетін супервайзер мамандарды штатқа енгізуді жоспарланған.
"Бесіншіден, ПМПК психологиялық-педагогикалық модельде жұмыс істеуі керек. Мамандарымыздың міндеті – педагогикалық, психологиялық қолдау көрсету. Үш жылдың ішінде ПМПК саны шамамен үштен бірге көбейгенін айта кеткен жөн. Бұл өте маңызды динамика. Бірақ әлі де сұрақтар бар, сондықтан биыл жаңа заң жобасына бастама жасадық. Осы түзетулердің нәтижесінде қазір 50 мың балаға бір ПМПК ашудың жаңа нормативі белгіленді. Бұл бізге тағы 36 ПМПК ашуға мүмкіндік береді", – деді Асхат Аймағамбетов.
Сонымен қатар министр ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қамтуды арттырудың тағы бір тиімді тетігі – мемлекеттік тапсырысты жекеменшік ұйымдар арасында орналастыру екенін айтты.
Министрдің айтуынша, бүгінде 12 аутизм орталығы жұмыс істейді, келесі жылы өңірлерде осындай тағы 8 орталық ашылуы қажет.
"Алтыншыдан, мамандардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыс істейміз. Біз университеттерге ПМПК мұғалімдері, психологтары және түзету кабинеттері үшін мамандандырылған магистратура ашуды ұсынып отырмыз. Бұл ПМПК, ППТК және орталықтардың мамандары сұхбат арқылы ағылшын тілінсіз түсуі үшін қажет. Бакалавриат бағдарламалары аясында даярлау, курстарда мамандарымыздың біліктілігін арттыру бүгінде ерекше назар аударуды қажет етеді", – деді министр.
Министрлік мамандардың пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып, уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп аутизмі бар балалармен жұмыс жөніндегі кешенді құжатты бекітуді жоспарлап отыр.