Мәдениет және спорт министрлігі "Айбоз" ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын атады. Оларды марапаттау рәсімі 8 желтоқсан күні Алматы қаласы, Жамбыл атындағы филармония залында сағат 16:00-де өтеді.

Жеңімпаздар:

  • "Үздік поэзия" номинациясы: "Жұмбақ арал" поэмасы – Батырхан Сарсенхан;  
  • "Үздік проза" номинациясы: "Тырнақ" әңгімесі – Айгүл Кемелбаева;  
  • "Үздік драматургия" номинациясы: "Мың мен жалғыз..." пьесасы – Талғат Теменов;
  • "Үздік аударма" номинациясы: Стефан Цвейгтің "Амок", "Бақилық ағаның көз жасы" новеллалары – Кенжебай Ахметов;
  • "Үздік балалар әдебиеті" номинациясы: "Іздер құпиясы" детективтік романы – Бекен Ыбырайым;
  • "Үздік комикс" номинациясы: "Жетпіс палуан" комиксі – Жантас Набиоллаұлы;
  • "Үздік кітап дизайны" номинациясы: "Кенесары хан уа сұлтан Сыдық" – Аmalbooks баспасы.

Оқи отырыңыз: "Айбоз" тұңғыш ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды