Мәдениет және спорт министрлігі "Айбоз" тұңғыш ұлттық әдеби сыйлығына байқау жариялады. Әдеби сыйлықтың тұсаукесері бүгін зиялы қауым өкілдерінің, ақын-жазушылардың қатысуымен өтті, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың атап өтуінше, "Үздік проза", "Үздік поэзия", "Үздік драма", "Үздік көркем аударма", "Үздік балалар әдебиеті", "Үздік комикс" және "Кітаптың үздік дизайны" номинациялары бойынша жеңімпаз атанғандар 5 миллион теңгеден ақшалай сыйлық алады. Конкурс нәтижесінен соң олардың еңбектері 500 данамен жарық көреді.

Байқауға отандық жазушылар қатыса алады. Өтінімдерді мына электронды мекенжайға 2022 жылғы 15 маусымнан 1 қазанға дейін жіберу қажет: aiboz@kitap-palatasy.kz. Әдеби сыйлық жыл соңында тапсырылады.


Оқи отырыңыз: "Әдебиет көшірмемен өспейді". "Тармақтар" әдеби жобасының жетекшісімен сұхбат